Сейтжан әкеміздің соңғы түсі

443

0

Фото: ашық дереккөз

Аты өшкір Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары қазақтың әрбір азаматын әскерге шақырып, алдыңғы шепке қару-жарақсыз түсіре салған екен, қариялардың айтуынша. Төрт-бес адамға бір мылтық, онда да ол орыста болады, оның өлуін күтесің, оған дейін өзіңіз өліп қалмасаңыз.

1942 жылы, Нұрсұлтан атамыздан Сейтжан атамыздың алдыңғы шепке түсуіне, біздің әкеміздің орнына баруы, себебі шақыру қағаз біздің әкемізге келген кезде, ауылда болмай қалып, соны жоқтатпаймын деп, Отаншылдық намысы, туыстық, бауырлық қасиеттері, неге болсада тәуекел етуі қандай мақтау, теңеу айтса да жарасымды болар еді және Қаражан, Жансұлтан атамыздан Зейнел, ауылдан Кенжебай аталарымыз алдыңғы шепке (Сталинградқа) бірге түскен де, әкеміз Сейітжаппар, кейін алты айдан кейін Свердловскідегі қару-жарақ жасайтын заводқа түсіпті.

Себебі, алғашқы шақыру қағазы біздің әкемізге келген екен, ол кезде әкеміз ауылда болмай қалып орнына Сейтжан әкеміз, мен барамын деп аттанып кетіпті. Содан кейін Сейтжан әкемізге шақыру келгенде, біздің әкеміз кетіпті. Іният көкеміз 1939 жылғы Фин соғысына кеткеннен хат-хабар болмаған, 1949 жылы қайтып келгенше. Қаражан көкеміз де, сол Фин соғысына алынған депте айтады.

Соғыс жүріп жатыр әр бір сәтте адамдар өлуде, сондай бір күндері Сейтжан әкеміз түс көріпті, түсінде бір ақсақалды ата бір қап заты бар арқасында, жанына келіп Кенжебай қайдасың деп айқайлайтын көрінеді. Сонан әкеміз айқайлап қоймаған соң маған бер, мен берем ғой десе, жоқ бере алмаймын, өзіне ғана берем дейтін көрінеді. Үш рет сұрадым, үшеуінде де бермеді, сөйтіп жатып оянып кеттім, Кенжебай аға депті. Аға, біздің нанымыз таусылып осы далада  қаламыз-ау, сіз аман-есен қайтасыз, анам мен қатынымды сізге тапсырдым, қарасып тұрарсыз деген екен.

Әжеміздің қанша жаста екендігін білмедім, мамамыз (Айшолпан) Сейтжан әкеміз соғысқа кеткенде он тоғыз жаста екен. Кенжебай атамыз соғыстан келген соң ұмытып кеткен ба, әлде күн сайын әжеміз жылаумен баласын іздеп, сұрау салғасын ба, апта сайын Қалаға барып-қайтып сандалып жүргесін ба, әйтеуір айта алмапты ғой.

Жылдар жылжып өтеді-ау, тек әжеміз қайтыс болған кезде барып есіне түсіп, өкініпті дейді, неге келу бойына айтпадым деп, тіршілік бәрінде ұмыттырады ғой, өзің аман болған соң, әттең… Алланың рахымы болсын баршамызға!

Жасақбай Сейітжаппаров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<