Сексеуіл ағаштарын қорғайық!

1596

0

Сексеуiл —(лат.Haloxylon) діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы сексеуіл Қазақстанның мемлекеттік орман қорының 48 пайызын алып жатыр. Оның ішінде облыс көлеміндегі көлемі 2,7 млн. га.

Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы. Сондай-ақ, сексеуілдіктерді мал жайылым үшінде пайдалануға болады.

Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдер елу, алпыс шақырым қашықтыққа дейін ұзарды. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен азайды.

Осыған байланысты, сексеуіл екпелерін қорғап, сақтап қалу мақсатында, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 13.08.2015 жылғы № 211 бұйрығымен «Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесудіқоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салынды.

Соңғы кезеңдерде сексеуіл өнімдері мен бөліктерін, Қызылорда қаласы мен облыстан тысқары аумақтарға заңсыз тасымалдау деректері орын алуда. 2022 жылдың 9 айында сексеуіл ағашы бөліктерін заңсыз тасымалдаудың 18 дерегі тіркеліп, Инспекция қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, заңдылық бұзушыларға әкімшілік айыппұлдар салында. Заңсыз тасымалданған сексеуіл өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Биылғы жылға мемлекеттік орман қоры жерлерінде (Арал теңізінің құрғаған табанында) жалпы аумағы 250 000 га жерге орман мелиорациялық шаралар жүргізу көзделуде.

Оның ішінде, жергілікті бюджеттен 95400 га(12000 га сексеуіл көшетін отырғызу, 32000 га жерге сексеуіл тұқымын себу жәнге 51400 га жерге орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шараларын жүргізу), республикалық бюджеттен 154 600 га (64547 га жерге сексеуіл тұқымын себу және 90 053 га жерге орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шараларын жүргізу) жоспарланып отыр.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында Арал, Қазалы орман мекемелерімен АТҚТ-ында 12026 га жерге(3 млн. 607 мың 800 дана)сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Сексеуіл тұқымын себу 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<