Семей облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті

535

0

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.

Бұған дейін орман ағаштарын тұтандыру үшін дайындалған тамызықтар туралы интернет желісінде тараған видеоға Абай облысының әкімдігі түсінік бергені туралы жазған едік.

Сонымен қатар әкімдік Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қайырымдылық қоры ашылғанын хабарлады.

Семей орманындағы алапат өртке байланысты бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<