Семейде із-түссіз жоғалып кеткен ағасы мен әпкесі екі аптадан бері табылмай жатыр

564

0

Фото: ашық дереккөз

Семейде полицейлер мен құтқарушылар Әбішевтердің жоғалған ағасы мен әпкесін іздеуді жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде.

LIDER.KZ еріктілерінің хабарлауынша, 2008 жылы туған Әбішев Абзал мен 2005 жылы туған Әбішева Алтынай 2024 жылдың 7 сәуірінде жоғалып кеткен. Ағасы мен әпкесі 15-16 сағатта үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмаған.

Семейде із-түссіз жоғалып кеткен ағасы мен әпкесі екі аптадан бері табылмай жатыр

Алтынайдың белгілері: бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара. Үстінде: тізеге дейінгі жасыл күрте, қара футболка, қара кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртық бар. Үстінде: қара жеңсіз жилет, көк түсті футболка, қара джинсы шалбар, қара кроссовкасы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<