Семей ядролық полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

404

0

Семей ядролық полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді Бүгін Сырдария аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғ.Қазантаев Семей ядролық полигонында әскери қызмет атқарып, полигонның жабылуына үлес қосқан ардагерлермен кездесті.
Кездесуге Семей ядролық полигонының ардагерлерімен қатар, тиісті бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде аудан басшысы Семей ядролық полигонының зардаптарын жоюға үлес қосқан әрбір азаматтың ерлігі жастар үшін үлгі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып, ардагерлердің ұсыныстары мен өтініштері жергілікті атқарушы билік тарапынан әркез уақытылы орындалып жатқанын айтты.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, Семей полигонының ардагерлері Б.Сауытбаев және Ж.Мұхамбетжан сөз сөйлеп, ядролық полигон ауыртпашылығымен бетпе-бет келген азаматтарға құрмет көрсеткен атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында аудан басшысы ардагерлерге «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<