Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбековтың төрағалығымен статистика саласы қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.
Жиында статистика саласында жарияланатын мәліметтердің әдістемелік нұсқаулықтарын түсіндіру мақсатында Статистикалық көрсеткіштердің қалыптастырылуы және Мемлекеттік статистика туралы Заңының өзгерістері түсіндірілді.
Сонымен қатар семинар-кеңеске облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүльмира Нұрқабылова, департаменттің баға статистиккасы бөлімінің басшысы Айкенже Оңғарбаева, департаменттің құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің басшысы Гүлзира Есқараева
және департаменттің бас мамандары Айгүл Төлегенова мен Лаура Кенжеқожа қатысты.
Сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған кеңесте мемлекеттік статистика саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен құқықтық негіздерін айқындайтын және қоғамды, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықты ҚР әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және экологиялық жағдайы туралы толық, анық, сапалы, ғылыми негізделген әрі уақытылы ресми статистикамен қамтамасыз етуге бағытталған заң негізі түсіндірілді.
Айта кетейік, басқосуға кент, қала мен ауыл әкмдері, мекеме басшылары, мектеп директорлары мен есепшілер қатысты.
Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<