Сенат депутаттары әлеуметтік нысандарды аралады

365

0

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары облысқа жасаған сапары барысында «Анаға тағзым» орталығы және «Orda school» жеке мектебінің жұмысымен танысты.

Былтыр бой көтерген «Анаға тағзым» орталығы бүгінде жергілікті халықтың жиі бас сұғатын орнына айналды. Ондағы «Әйелдердің креативті индустрия орталығы», «Ұлт жақұты» музей залы, «Жас отау» жас отбасылар мектебі, «Мирас» әжелер, «Бойтұмар» қыздар, «Ана тілі» дебат клубтары өз мақсаттарына сай қызмет көрсетеді.

– Сыр өңіріне комитет мүшелері келді, – деді Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев. – Екі күн бойы облыста бірнеше шаруашылық, ауыл шаруашылығы және су нысандары жұмысымен таныстық. Комитеттің көшпелі отырысында су ресурстарын басқару мәселесі талқыланды. Бұл орайда Сыр өңіріне қатысты мәселелер таразыланды. Жалпы аграрлық сектор еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Қызылорданың ауыл шаруашылығы су ресурстарына тікелей байланысты. Көшпелі отырыста көптеген мәселе талқыланып, жергілікті мамандар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Алдағы уақытта ол ұсыныстар тиісті сала басшыларына жеткізіледі. Біз жергілікті еңбеккерлердің үлкен аманатын арқалап бара жатқан жайымыз бар.

Келесі кезекте депутаттар қаланың сол жағалау бөлігінен бой көтерген «Orda school» жеке мектебінің жұмысымен танысты. Жеке мектеп жас өрендерге сапалы білім беру ісінде жаңашыл істерге, озық технологияларға жол ашып отыр. Мұнда оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай келетін техникамен жабдықталған сынып бөлмелері, спорт залы, бассейн бар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<