Сенат Комитетінің көшпелі мәжілісі

365

0

7-9 қыркүйек күндері Қызылорда облысында Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын Қазақстан  Республикасындағы білім және денсаулық сақтау ісіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік сала заңнамалығын жетілдіру мәселелері бойынша Сенат Комитетінің көшпелі мәжілісі болып өтті.   

Көшпелі мәжіліс шеңберінде Сенат Комитетінің мүшелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып, студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылармен мен кездесті. Сенат Комитетінің мүшелері «Dream Club» клубы, «Қыз-Жібек» клубы, «Ақиқат» дебат клубы, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы және басқа студенттік жастар ұйымдарымен танысты.

Сонымен бірге мәртебелі меймандар университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларымен және жас ғалымдар мен білім алушылардың инновациялық жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күні университет ғалымдары 9 ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Университеттің ғылыми зерттеулері аймақтың индустриалды-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ ғылым мен техниканың түрлі салаларының өзекті мәселелерін қамтып отыр. Аймақтың өсімдік, жануарлар әлемі мен су экожүйесі, табиғат және қоғам туралы жоо ғалымдарының іргелі зерттеулері мен теориялық-тәжірибелік ізденістері білім алушылармен тың ғылыми білімдерді игеруге бағытталған. Перспективалық зерттеулердің тұтас қатары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары аясында орындалуда. Қолданбалы зерттеу жұмыстарының басым бағыттары: Қызылорда облысының техногендік және табиғи шикізаты негізінде құрылыс материалдары өндірістерінің қор-қуат үнемдеуші технологиялары; ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялары мен техникалық құралдарын әзірлеу және жетілдіру; Қызылорда облысының шаруашылықтары мен суландыру жүйелерінде су бөлу мен су пайдалануды зерттеу; ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологияларын жасау және жетілдіру; цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және т.б. бағыттар бойынша орындалуда.  

Меймандар үшін ұйымдастырылған көрмеде облыстық бюджет есебінен орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері көрсетілді. Атап айтқанда, ежелгі Сортөбе қалашығында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның ортағасырлық археологиясының осы күнге дейін шешімін таппай отырған ақтаңдақтарының бірі – Оғыз кезеңінің археологиялық мәдениеті туралы жан-жақты, кешенді деректер берілді.

Сондай-ақ, университеттің жылыжайында қияр және қызанақтың будандарын ағаш үгінділері мен күріш қауызы субстраттарында шағын көлемде өсірудің инновациялық технологияларын әзірлеу жөніндегі ұзақ жылдардан бері жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетілді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ақпараттық технология салалары бойынша түрлі зерттеулер жүргізілетіндіктен Комитет мүшелері университеттің жас ғалымдарының осы саладағы ғылыми жобаларымен танысты. Қонақтарға виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының, университеттің Бизнес-инкубаторы резиденттерінің, бизнес-жобаларының таныстырылымы ұйымдастырылды. Бизнес-инкубатордың нәтижесінде 75 білім алушы өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Қазір университетте 25 жоба іске асырылуда. Университет студенттері   ЖАС ПРОДЖЕКТ жобасына белсене қатысып, жеңімпаз атанды және әлеуметтік бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған жоба бойынша миллион теңге жеңіп алды.   

Сонымен бірге, ақпараттық қауіпсіздік бойынша ақпараттық жүйелердің осалдығын қорғауға және талдауға бағытталған бағдарламалық әзірлемелер, университетте орындалған SMART UNIVER ғылыми жобалары, оқу кешендері, тігін бұйымдары мен кең тұтынылатын заттардың патенттері мен кейбір өнеркәсіптік үлгілері ұсынылды. Халықаралық, республикалық, облыстық дизайнерлер байқауларының жеңімпаз студенттері жетістіктерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Еуразиялық экономикалық Одақтың «Признание» («Танылым») Халықаралық сыйлығының иегері. Қазақстанның көпсалалы ЖОО-ң 2018 жылғы ұлттық рейтингінде  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 9-шы орын иеленді.

2018 жылдың ақпан айында  университет Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің 2900 ЖОО арасында үздік 300 университет қатарына енді. Университет 64 бакалавриат, 30  магистратура, 9 – PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<