Сенатор су мәселесін көтерді

426

0

Парламент Сенатының бүгінгі отырысында Сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді.

Депутаттың айтуынша, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзені бассейнін сумен қамтамасыз етуге және суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайына тікелей байланысты. Облыс трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында орналасқан, сондықтан оның жоғарғы ағысынан келетін су көлеміне тәуелді.

Осыған байланысты Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттерге су тәуелділігінің төмендеуі өңір үшін өте маңызды. Депутаттың пікірінше, Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салу бұл мәселені шешуге көмектеседі.

2022 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерінде Күміскеткен су қоймасына және Қараөзек су қоймасының құрылысын бастауға 500 млн. теңге қаржы қарастырылуына және сонымен қатар 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК су жеткізіп беру қызметі есебінен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында су тоспасын қайта салуға ықпал жасауыңызды сұраймын, – деді депутат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<