Қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның міндеті.
Бүгін аудан бойынша жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысын аудан әкімі Берік Сәрменбаев аралады. Аудан басшысы көшелердегі санитарлық тазалықтың сақталуын, су жолдарының таза болуын, ағаштарға балақтау, әктеу жұмыстары жүргізілу керектігін атап көрсетті.
Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<