Іңкәр Сейтмамбетова − көп салалы қалалық аурухананың бірінші санатты пульмонолог дәрігері. Ол Қазалы ауданында 1963 жылы 18 тамызда дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығын меңгеріп, бір жылдық интернатураны облыстық ауруханада терапия мамандығы бойынша өтті. Еңбек жолын Қазалы ауданы Өркендеу ауылының дәрігерлік амбулаториясында меңгеруші болып бастаған. 1989-1991ж аралығында осы аудандағы Қызылту ауылының дәрігерлік амбулаториясында меңгеруші қызметін атқарды. Әр жылдары Қызылорда қалалық ауруханасында пульмонолог дәрігері, қалалық №1 емхана дәрігері, «Сәулет» жанұялық дәрігерлік амбулаториясында жанұялық дәрігер, №1 емханада аймақтық дәрігер, пульмонолог дәрігер, терапия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2008 жылдан осы уақытқа дейін қалалық аурухананың I терапия бөлімінде дәрігер пульмонолог қызметін абыроймен атқарып келеді. Дәрігер Іңкәр Қалмырзақызы науқас жандардың сеніміне ие, алғысын арқалаған тәжірибелі маман. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» төс белгісімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотамен марапатталған.
Кейіпкеріміз үнемі ізденіс үстінде жүреді. Теориялық білімін тәжірибеде үнемі жетілдіріп, толықтырып отырады. Медицина саласының жаңашылдықтарымен танысып, өз тәжірибесіне енгізуге көп көңіл бөледі. Соңғы жылдары пульмонологияның өзекті мәселелері тақырыбында біліктілігін көтерді. Короновирус иефекциясының пандемиясы кезінде пульмонолог маманы ретінде дерттің алғашқы сатысын ерте анықтау және тиімді емдеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге белсене араласты. Өз денсаулығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан қаншама жанның өміріне араша түсті. Ақ халатты абзал жан одан әрі де жемісті еңбек етпек.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<