Сенім телефонына хабарласыңыз!

1031

0

Мемлекетіміз өркендеп, дамудың даңғыл жолында жүруі үшін жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жағдайларының алдын алу қажет.
Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында түрлі салада тиісті шаралар атқарылуда. Соның ішінде өңірдегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлері де парақорлыққа қарсы күрес жұмыстарына белсене араласып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, қорытындыланып отырады.


Емханада ай сайын «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына сәйкес тиісті іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, емхана қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында түсіндірме жұмыстары, профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыз, шағымның алдын алу мақсатында уақытылы және сапалы қызметтердің көрсетілуі қатаң бақылауға алынған. Сондықтан, жергілікті тұрғындар мекемеде сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер кезіксе, төмендегі сенім телефонына хабарласуын өтінеміз.


СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 87242 22-58-37


Жадыра УМБЕТБАЕВА,

№5 қалалық емхана заңгері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<