Сурет ашық дереккөз
«Атамның аманаты» ҚБ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа аумағында қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау жөнінде бірқатар жұмыстар атқаруда.
Жақында 1944-1945 жылдары Сербия жерінде опат болған отандастарымыздың есімдері белгілі болды. Ұзын-саны Қазақстанның әр түкпірінен шақырылған 198 жауынгер. Олардың барлығы негізінен соғыстың соңғы жылдары ұрыс даласында немесе жарақаттан госпитальдарда көз жұмғандар.
«Бұған дейін Норвегия, Нидерланды, Венгрия және басқа да елдердің топырағы бұйырған қазақстандықтардың аты-жөндерін анықтаған едік. Қазір олардың Қазақстанда қалған ұрпақтары мен туған-туыстарын іздестіруді бастап кеттік. Бұдан бөлек кезінде кескілескен ұрыстар жүрген майдан даласындағы қазба жұмыстары барысында табылған 16 майдангердің сүйектерін елге жеткізіп, әскери құрметпен жер қойнына тапсырдық. Қазіргі таңда Ресейден тағы да 12 отандасымыздың мәйітін туған топыраққа жеткізіп, жерлеуді қамында жүрміз. Біздің қоғамдық ұйымның миссиясын «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген бір ауыз сөзге сыйғызуға болады»,- дейді «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Сербияда қаза тапқан қызылордалық жауынгерлер
1 | Бикбасимов Комоз | 1908 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская область, Аральский райно, с.Комбаш | 29.09.1944 | |
2 | Кушкумбаев Бийман (Баим) | 1906 жылы туған | Казахская ССР, Кызыл-Ординская обл., Казалинский район, ст.Казалинская, ул. Энгельса, 98 | 29 (30).09.1944 | |
3 | Бикбаминов Колмзязь | 1908 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Аральский район, с. Комбаш | Қызылорда облысы | 28.09.1944 |
4 | Гульманов Рашит Злангирович | 1922 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Казалинский р-н, г. Казалинск | Қызылорда облысы | 17.10.1944 |
5 | Кучеров Федор Матвеевич | 1900 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Яны-Курганский район, с. Чили | Қызылорда облысы | 16.10.1944 |
6 | Мететбаев Машрап | 1923 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Терень-Узякский район | Қызылорда облысы | 15.10.1944 |
7 | Манарбаев Жаксыбек | 1920 жылы туған | Казахская ССР, Сырдарьинская обл., Кзыл-Ординский район, г. Кзыл-Орда, ул.Некрасова 38 | Қызылорда облысы | умер от ран 06.12.1944 |
8 | Алдамжаров Ускумбай | 1914 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., ст. Каземирская, ул. Ванита 37 | Қызылорда облысы | 15.11.1944 |
9 | Саранга (Саранча) Владимир Федорович | 1920 жылы туған | Казахская ССР, г.Кзыл-Орда, ст. Пролетарская 36 | Қызылорда облысы | 10.04.1945 |
10 | Коянаков (Коснаков) Кемал | 1923 жылы туған | Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Казалинский район, Ленинский с/са, № 17, к/з Муратова |
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<