Серіктестік жұмысын әртараптандырудың маңызы зор

345

0

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Бесарық ауылындағы «Абай-Дәулет» ЖШС-нің еңбеккерлерімен кездесті. Серіктестік егін және мал шаруашылығымен, сондай-ақ, құс шаруашылығымен айналысады.

Бүгінде мал және құс басын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда шаруашылықта 210 бас түйе, бордақыланатын 70 бас жылқы, 4500 бас қой бар. Оған қоса, еңбеккерлер ет бағытында 24 бас түйеқұстың күтімін жасауда. Алдағы уақытта тағы да ет бағытындағы «Бройлер» тауығы мен «Бөдене» асырауды қолға алмақшы. Бұл жұмыстарды 50 қызметкер атқаруда.

Аудан басшысы серіктестік жұмысын әртараптандырудың маңызы зор екенін айтты. Еңбек адамдарына барлық жағдайды жасау керектігін атап, қызметкерлердің жұмысына табыс тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<