Сессияда бірқатар мәселелер қаралды

545

0

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті. Күн тәртібінде «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев хабарлама жасады.

Хабарламадан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш қала мен кент аралығындағы тұрғын үйлердің оқушылары №249 мектеп-лицейге қатынау үшін арнайы қоғамдық көліктің жүруін қамтамасыз ету, теміржол жанындағы Привокзальная көшесін жарықтандыру, аудандық мәслихат депутаттары Әбдуали Рахметов, Элмира Нұрмағанбетова және Есет Табынбаев Әйтеке би кенті бойынша сайланған депутаттардың сайлау округіне қарасты көшелерін жөндеу, Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйін тезірек пайдалануға беру сондай-ақ жарықтандыру жұмыстарын кезектілігіне сәйкес жүргізу қажеттігі жөніндегі мәселелерді ортаға салды.

Сессия соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, ұсынылған мәселенің маңыздылығын айтып, халық қалаулыларының әрбір айтқан ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтындығын жеткізді. Сонымен қатар Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға тоқталып, мерейтойды жоғары деңгейде өткізуге бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияға ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<