Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, ондағы тынығушылармен жүздесіп, жағдайымен танысты.
Бүгінде орталықта әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан 140 бала демалуда. Мұнда балалардың уақытын көңілді өткізу үшін 13 үйірме жұмыс жасайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көпшілік іс-шаралар, танымдық экскурсиялар, спорттық ойындардан жарыстар жиі өткізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<