Шағын жинақты мектеп педагогтеріне арналған курс басталды

1057

0

Тамыздың 14-нен бастап Қазақстанда алғаш рет шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталды. Оларға еліміздің 6 өңірінен: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 5000-нан астам педагог қатысып жатыр. Аталмыш курс шағын жинақты мектептердің педагогтерін алғаш рет цифрлық шешімдерді қолдана отырып оқытуға үйретеді.
Курстар бағдарламасы білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында шағын жинақты мектептер басшыларының басқару дағдыларын жетілдіруге, шағын жинақты мектептер педагогтерінің қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде оқыту дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курстарда мұғалімдер цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен әдістерін; синхронды және асинхронды коммуникацияны; саралау мен дараландыруды, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлауды үйренеді. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары цифрлық білім беру технологиялары негізінде интерактивті тапсырмалар мен сабақ үзінділерін әзірлейтін болады. Жобаны барлық өңірлерге масштабтау 2024-2025 жылдары жоспарланған.
«Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру» 81 – тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-қимылын іске асыру мақсатында «Өрлеу» «шағын жинақты мектептердің басшылары үшін», «шағын жинақты мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер және «шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» білім беру бағдарламаларын әзірледі. Бағдарламалар «Қазақстан халқына» қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Ақтөбе облысының әкімдігі іске асыратын «цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы шеңберінде әзірленді.
Бұл жобадағы «Өрлеу» миссиясы – ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдері арасындағы IT-құзыреттіліктегі алшақтықты азайту, сол арқылы ауылдық жерлердегі оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру. Шағын жинақты мектептердің әлеуеті зор, оны ашу – жобаға қатысатын барлық уәкілетті органдардың ортақ міндеті», – деді «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма Төрағасы Еламан Айбульдинов.
Биыл 6 өңірдің шағын жинақты мектептерінің педагогтеріне арналған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық

орталығының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<