Шаңды дауыл, аптап, жаңбыр: 8 тамызда ауа райы құбылмалы болады

617

0

«Қазгидромет» мамандары 8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік-батыс циклоны республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады.

Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Солтүстік және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл болады.

Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерге антициклон ауысады, соның әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады.

Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<