Облысынытық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Шаңырақ» клубы құрылды.
Клубтың мақсаты – өз кәсібін ашқысы келетіндерге, ана мен балаларға, қыздарға, жас келіндер мен көп балалы аналарғатүрлі кеңестер беру, кәсіпке баулу бағытында тренингтер мен семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізу болып табылады.
Бүгінгі таңда клубтың жоспары айқындалып, іс-шаралар мазмұны белгіленді. Мысалы, жас келіншектер мен қыздарды қолөнерге баулу, жас отбасылар үшін отбасылық бюджетті тиімді пайдалану, сонымен қатар кондитерлік және кулинарлық өнімдер даярлауды үйретуге бағытталған шеберлік сыныптар (еттен, тауық етінен, ірімшіктен түрлі жеңіл салаттар және рулеттер, түрлі пирогтар мен торт дайындаутехнологиясымен таныстыру) және ұлттық құндылықтарға негізделгензаманауи отбасының ерекшеліктерін түсіндіру бағытында облыс көлемінде семинар-тренинг ұйымдастыру, оған білікті аспаз, қаржыгер және психолог мамандарды тарту көзделіп отыр. Сонымен бірге аталмыш іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табыстау да жоспарланды.Сол сертификаттар негізінде олар өз кәсіптерін дамытуға мүмкіндік алады.





