Шаңырақ күнінде шаңырақ көтерді

538

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

⚜️Биылғы наурыз мерекесі жаңа форматта, кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін «Наурызнаманың» төртінші күні. Мерекелік шаралар легі жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлардың неке қию рәсімімен жалғасын тапты.

⚜️Маңызды сәтте жастардың некесін Жалағаш аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Айжамал Ақбергенова қиып, көтерген шаңырақтары биік болады деп сенім білдірді. Мұнан соң аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тынарбайұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақсылықова және Ақсу ауылының батыр анасы Дәмегүл Жүсіпова жастардың отбасылық өмірлеріне сәттілік тілеп, ақ тілегін арнады.
Салтанатты сәт соңында «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде I орын иеленген үлгілі отбасының асқар тауы, ардақты әке, жоғары санатты ардагер ұстаз Әбілқайыр Ералиев жаңадан отау тіккен жастарға ақ батасын берді.

⚜️Жаңа өмірге қадам басып, шаңырақ көтерген Далдабай ауылының тұрғындары Наурызбай Мұхитұлы мен Ұлжалғас Байділдәқызына көтерген шаңырақтары биік, керегелері кең болсын деген ниетпен қазақы нақышта безендірілген киіз үй бұйымы мен сый-сияпаттар табысталды.

©️Қоғамдық даму бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<