«Шаңырақ шаттығы» отбасылық сайысы өтті

360

0

Фото: Арал ауданы

Отбасы – өмірдің алтын қазығы, қасиетті шаңырақтың негізі. Өткен жұмада З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Отбасы – мемлекет тірегі» атты шара аясында «Шаңырақ шаттығы» отбасылық сайысы өткізілді.

Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, сыйластық пен мейірімділікке негізделген қарым-қатынас қалыптастырудың маңыздылығын насихаттау болды.

Шараға ауданға қарасты қала, кент және ауылдық округтерден келген үлгілі отбасылар қатысып, өнерлерін ортаға салып, өзара бақ сынасты. Сайысқа әр отбасы шығармашылық шабытпен, тың дайындықпен келгенін байқатты. Қатысушылар төрт кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс нәтижесін әділ қазылар алқасы бағалап, топ жарған үздік жанұяларды анықтады. Жеңімпаз атанған отбасыларға дипломдар мен алғыс хаттар және арнайы дайындалған сый-сыяпаттар табыс етілді.

Мерекелік шара жиналған көрермендерді отбасының жылуы мен қуанышына бөлеп, әр жанұяның шағын мемлекет екендігін тағы бір дәлелдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<