Шапағат шашқан күн

662

0

Құрбан айт мерекесінің екінші күнінде Сексеуіл кентінде жаңа мешіт пайдалануға берілді. Тілеуқұл ишан атындағы имандылық үйінің ашылуына  тұрғындар мен ардагерлер,  кенттен түлеп ұшқан азаматтар жиналды.

Көпшілік бас қосқан шарада облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов қазіргі кезеңде тұрғындарды ізгілікке, мейірбандылыққа шақыратын мешіт қызметінің маңызы зор екеніне тоқталып, облыс әкімінің құттықтау хатын табыс­тады.

Одан соң кент тұрғындарын қасиетті мерекемен тұспа-тұс келген қуаныштарымен құттықтаған аудан әкімі С.Сермағамбетов ғибадат үйі­нің халықты ізгілікке бастап, рухани жол сілтеуші орталыққа айналуына тілектестігін білдіріп, естелік ретінде сый-сияпат табыс етті.

Құрбан айт мерекесінде өткен мазмұнды шараға тұрғындар қуанышына ортақтаса келген Парламент мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.

Ғимарат құрылысына осы өңірден түлеп ұшқан азаматтар мен Сексеуіл кентінің және ауданның біршама кәсіпкерлері біркісідей атсалысып, демеушілік жасаған. Бір мезетте мың адам құлшылық ете алатын мешітте ерлер мен әйелдер намазханасынан бөлек, екі дәрісхана және имамдар бөлмесі қарастырылған.

«СБ» ақпарат