Шаралар онлайн форматта өтеді

760

0

Халықаралық отбасы күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мерекеге орай «Менің тату отбасым» тақырыбында бейнеролик байқауы, «Жеті ата» атты жастар арасында челлендж, «Менің отбасым» тақырыбында фотокөрме, «Ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты семинар ұйымдастырылады. Шаралар карантин талабына сәйкес онлайн форматта өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Ал кеше Жастар орталығында «Жас отау» клубы ашылды.

– Аты айтып тұрғандай, бұл – жас отбасыларға арналған клуб. Статистикаға сүйенсек, ажырасудың көпшілігі некеге үш жылдың көлемінде тұр­ғандар арасында болады. Клубта кеңес беріліп, шаңы­рақ шайқалмау үшін мәмілеге келтірмек, – деді әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Кәрімова.

Бүгінгі таңда облыста 141 мыңнан аса отбасы бар. Оның 40014-і – көпбалалы отбасы. «Алтын алқа» иегері – 4374, «Күміс алқа» иегері – 9781. Он мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Көпшілікке үлгі болып, ұрпақ өрбітіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген отбасыларды насихаттау мақ­сатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылып келеді. Аталған байқаудың аудандық және қалалық кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізіледі. Ал облыстық кезеңі 1-15 шілде аралығына жоспарланған. Облыс­та үздік атанғандар қыркүйек айында Отбасы күніне орай ұйымдастырылатын респуб­ли­калық кезеңге қатысады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<