Шарапаты мол шара

322

0

«Еларай» қоғамдық қоры 2015 жылдан бері жұмыс жасайды. Қордың мақсаты: әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолұшын беріп, қолдау көрсету. Бір айта кетерлігі, мұнда атқарылатын  шаралардың басым бөлігі  еріктілер есебінен жүзеге асырылады. Қордың ұйымдастыруымен жыл сайын «Біз мектепке барамыз!», «Несібе», «Өзгеге өмір сыйла!», «Жанұяға жылу сыйла!» деп аталатын бірнеше жобалар аясында қайырымдылық шаралары өткізіледі. Білуімізше, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар алдын ала анкета арқылы анықталып, зерттеліп, әлеуметтік картасы толтырылады. 

Осы санаттағы отбасыларға қоғамдық қор жанынан арнайы ашылған әлеуметтік дүкен қызмет көрсетеді. Өткен жылдары жоғарыда аталған жобалар аясында 1000-ға жуық отбасына қолдау жасалған.

Қоғамдық қор директоры Асхат Байдәулетовтің айтуынша, биылғы жылы «Жанұяға жылу сыйла!» жобасы бойынша «Ел­арай» қоғамдық қоры  «ҚазГерМұ­най» БК» ЖШС демеу­ші­лі­гімен 45 мұқтаж отбасына 1,5-2 тоннадан көмір таратты. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай жомарт жан­дардың қолдауымен 200 отбасыға азық-түлік, 200 оқушыға мектеп жабдығы берілген.

Ғазиза ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<