Шаруашылық жұмысымен танысты

609

0

Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев Қалжан ахун ауылының іргесіндегі балық шаруашылығымен айналысуды қолға алған «Еламан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруа қожалығының төрағасы Аманбеков Алтынбек Кажданбекович 2021 жылдың 12 наурызынан бастап мемлекеттік тіркеуден өтіп, Қалжан-Ахун ауылдық округінде орналасқан өзіндік 20 гектар жайылымдық жерінде 2022 жылы шамамен 40х30 қазылған тоғанына су толтырып, балықтың амур, ақ-балық секілді түрлерін тоғанға жіберген.

2023 жылдың жаз айларында осы тоғанда Арал-Қазалы аудандарындағы питомниктерінен «Ала-бұға» тауарлы балықтарын сатып алып тоғанға жіберіп, өсіру жоспарлануда.

Шаруашылық жұмысымен толыққанды танысқан аудан әкімі М.Ергешбаев ішкі нарықта қолжетімділікті арттыру үшін шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<