Ұшақтардың көпшілігі ақ түске боялатындығын байқаған боларсыз. Әрине, қазіргі кезде лайнер бордына түрлі суреттер мен жарнамалар салынуы мүмкін. Алайда, жалпы ұшақтың корпусы ақ түс болып қалады. Ұшақтарды бояуға неліктен осы түс таңдалды?
Алғашқы уақытта ұшақтарды (жолаушы лайнерлерін де) мүлдем боямаған. XX ғасырдың ортасында алып ұшатын машинаның фюзеляжына (корпусына) шамамен 500 кг бояу құртуды ысырапшылдық деп санаған. Сондықтан металл фюзеляж, әдетте, жылтыратып өңделген. Бірақ қорғаныш бояу қабатынсыз фюзеляж жылдамырақ құртылып, нәтижесінде, ұшақты пайдалану шығыны өсе берген. Содан бері ұшақтарды көбіне ақ түске бояй бастаған. О
Оның ең бірінші және басты себебі – ол физика заңдары.
Ұшақ ұшу кезінде температуралар айырмасына тап болады. Күн сәулелерінің негатив әсерін нивелирлеу үшін, яғни ұшу кезіндегі фюзеляждың қызып кетуін болдырмау мақсатында күн сәулесін жұтуға азырақ ықпал ететін түс таңдау шешілген.
Оның екінші себебі – пайдаланудың және техникалық қызмет көрсетудің ерекшеліктері. Ақ бояудан кез келген майдың ізі, тотық, сызат, сынық және т.б кемшіліктер жақсы көрінеді. Сондықтан қазірдің өзінде кей ұшақтарды толықтай аққа боямағанмен, оның маңызды жерлерін ақ түс етіп қалдыруға тырысады. Үшінші себеп – іздеу-құтқару процесі. Ұшақ құлаған жағдайда ақ фюзеляж (немесе оның бөліктері) жерде жақсырақ көрінеді.
Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<