Томас Липтон мен Том Салливан – біріншісі «Lipton» шәйі брендінің негізін қаласа, екіншісі шай пакетін ойлап тапқан. Көп жерде шай пакетін ойлап табу идеясын осы Липтонге теліп жатады. Ол, әрине, қате пікір. Тез даярланатын шай пакетін Том Салливан деген шай сатушы ойлап тапқан. Ал, Липтон оны кеңінен таратып, жарнамалау арқылы өз бизнесін ілгері бастырады.
Том Салливан ХХ ғасырдың басында шай сату кәсібін жолға қояды. Кейін ол өз бизнесінің шығынын азайту үшін қалталы клиенттеріне бір салым шәйді темір қалбырға емес, жібек қалташаға салып, жөнелтіп көрген. Біршама уақыт өткен соң, оның клиенттері жібек қалташадағы шайдың шығымы нашар екеніне шағым жасайды. Сұрастырып көрсе, олар шымшым шайды шәйнекке қалташасымен салып, демдейді екен. Олардың бұл қылығынан жаңа идеяның ұшқынын көрген Салливан көптеген ізденістерден кейін жылдам әрі жақсы демделетін шайқалта ойлап тапты.
Дереккөз://massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<