Шекара шебінде

200

0

Еліміздің шекарасы 5 мемлекетпен шектеседі. Мыңдаған шақырымды құрайтын шекара аумағының 700 шақырымдайы біздің өңірмен байланысып жатыр. Оның бойында 14 шекара бөлімшесі орналасқан.

– Биыл ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 32 жыл, ал Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Отанға мінсіз қызмет етіп, әскери құрылымның қалыптасуы мен өркендеуінде, департаменттің әр әскери қызметкерінің қосқан үлесі зор. Шекарашыларымыз қай кезде де қырағылық танытып келеді. Қазіргі таңда әскери-патриоттық қозғалыстың қатарында 300-ге жуық жас шекарашылар бар. Біздің басты мақсатымыз – елге адал қызмет ету, – дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Нұрбек Әбдірақынов.

Қазіргі уақытта департамент облыста NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында, әскер қатарына жастарды толықтыру жұмыстарын жүргізуде. Әскери борышын өтеп келген жас сарбаздарды келісім-шарт қызметпен және жоғары білімі бар әскери кафедраны тәмамдаған азаматтарды белсенді түрде жұмысқа орналастыру қамтамасыз етілуде. Бұл шекара шебінің нығая түсуіне және жұмыссыздықтың азаюына оң ықпалын тигізбек. Сондай-ақ департамент әскери қызметшілермен қамту бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, үздік үштік қатарынан көрініп отыр. Бұл  өңіріміздегі шекара қызметінің ширай түскенін аңғартса керек.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<