Енді санаулы күнде жер-жерде күрішке орақ түседі. Осылайша жергілікті диқандар биылғы су тапшылығы жағдайында егінді ысырапсыз жинап алу қамына кіріскелі отыр.
Биыл аймақта барлығы 188,5 мың гектарға егiн егілді. Оның ішінде 78,4 мың гектары күріш, қалғанын дәндi, майлы, малазықтық дақылдар құрайды. Сондай-ақ, қант қызылшасы 3,5, картоп, көкөнiс, бақша 19,6 мың гектарды шамалайды.
– Облыстың шаруашылық құрылымдары көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай, минералды тыңайтқыш, гербицид, техникалар және тұқымдық материалдармен толық қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде егіншілер тапшылық көре қойған жоқ. Бүгінде дәнді дақылдарды жинау және мал азығын дайындауда қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазірге дейін 5832 гектар күздік бидай өнімі толықтай қамбаға құйылды. Сондай-ақ, жаздық бидайдың 5267 гектары, арпаның 320 гектары, қант құмайының 338 гектары орылып бітті, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.
Биыл көкөніс-бақша, картоп дақылдары көлемін ұлғайтуға мән берілді. Бүгінгі күнге 516 гектар картоп жиналған.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<