Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Шетелдік көліктерді тіркеу – шарт. Қызылорда облысының ПД ӘПБ Процессингтік орталығымен осы жылдың 23 қаңтарынан бастап облыс азаматтарынан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және ҚР-ның заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келген ОПД Әкімшілік полиция басқармасы Процесингтік орталығының бастығы Нұркен Бахтияров пен облыстық кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Айтбаев көлікті тіркеу мен рәсімдеу бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады.
-Темір тұлпар тіркеу жұмыстары басталғаннан бастап 18 240 көлік құралдары заңдастырылып үлгерген. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.05.2023 жылғы №356 қаулысына сәйкес, «Конструктор» ретінде шетелден жеткізілген көліктерді қайта сату құқығын шектеу арқылы 821 автокөлік және шет мемлекетте есепте немесе шектеуде тұрған 3107 автокөлік 5 жылға уақытша тіркелді, – деді Нұркен Бахтияров.
Ал, мемлекеттік департаментінде 1170 автокөлікті 1011 жеке тұлға кедендік рәсімдеуден өткізіп,төлемдер мен салықтар төлеген. Оның ішінде 97 пайызы Грузиядан әкелінген.-Автокөлікті кедендік рәсімдеуден өткізу үшін автокөлік экологиялық санатқа сәйкес келуі тиіс. Оған қажетті құжаттар «сатып алу келісім шарты, көліктің ілеспе құжаттары, автокөлікті сәйкестендіру сертификаты» жинақталғаннан кейін кедендік декларация ұсынылып, 20 700 теңге кедендік алым алынады, – деді Қуаныш Жолдасбекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<