«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметкер және қызмет алушылар араларында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қызылорда қаласында Көші-қон қызметі орталығы қызмет атқаруда.
Онда ТМД азаматтары тек жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін рұқсаттар берудің оңайлатылған тәртібі белгіленген. Бұл Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Молдова азаматтарына тиесілі.
Қабылдаушы тарапынан 3 жұмыс күні ішінде шетелдік елге келген күннен бастап көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті.
Хабардар етудің үш жолы бар екендігі ескеріледі. Хабардар визалық көші-қон және электрондық үкімет порталдары арқылы немесе жазбаша көші-қон қызметі арқылы ескертіледі.
Жұмысқа рұқсат қағазы өтініш білдірген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Ал, заңсыз еңбек етіп жүрген шетел азаматтары жұмыс берушімен қоса ӘҚҚБтК 519 – бабына сәйкес (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты рұқсат алуға оңайлатылған тәртібін пайдалануға кеңес береміз.
Қазіргі таңда КҚҚО-да 2175 шетелдіктің еңбегі заңдастырылып, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 32 млн. 191 мың 566 теңге түсірілді.
Анықтама үшін;
- Сауалнама- өтініш
- Ұлттықтөл құжаттың көшірмелері
- №086/е медициналық анықтама (түрнұсқа)
- Медициналық сақтандыру (көшірме)
- Жеке кіріс салық бойынша төленген түбіртек (көшірме)
Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<