Қызылорда облысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында «Өңірлік электржелілік компанияларды ірілендіру (ЭТК)» 51 қадам бойынша облыс әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №110 қаулысымен «Шиелі-Энергосервис» ЖШС энергия беруші ұйымның электржелілік объектілері «Қызылорда ЭТТК» АҚ өңірлік электржелілік компаниясымен жедел қызмет көрсетумен облыстық коммуналдық мүлік балансына қабылданды.
Осылайша тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын төмендету бойынша ірілендірудің негізгі мақсаттарының біріне қол жеткізілді, «Шиелі-Энергосервис» ЖШС энергия беруші ұйымының есеп айырысудан үстемақы алынып тасталады. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес электр желілері «Қызылорда ЭТТК» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының балансына берілетін болады.
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
облыс бойынша аумақтық департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<