Шиелі ауданы үздіктер қатарында

185

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Сырдария ауданында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» республикалық семинары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, ведомство басшылары, барлық облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен II рет өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсының нәтижесімен «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша Шиелі кенті жүлделі ІI орынды иеленді.

Сондай-ақ, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша Шиелі ауданы Ортақшыл ауылына 15,0 млн.теңге қаржылай қолдау көрсетілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<