Ағымдағы жылдың 22 ақпанында сегізінші шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 13-сессия отырысы өткізілді. Сессия отырысына аудан әкімі Н.Ахатов және аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары , мекеме, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Шиелі ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммунальдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылдың 27 қыркүйектегі 43/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. «Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы.
4. Шиелі ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы.
5. Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы.
6. Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Шиелі ауданының әкімшілік-аумақтық басқару схемасын бекіту туралы» №35/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ хабарлама жасады.
Баяндама аяқталып болған соң депутаттар тарапынан баяндамашыға өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Екінші мәселе бойынша хабарлама жасау Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Төлегеновке берілді. Бұл мәселе тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында тыңдалып, талқылануына байланысты, сессияда бірауыздан мақұлданды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбеков хабарлама жасады.
Төртінші, бесінші және алтыншы мәселе бойынша «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Т.Мұсаханов хабарлама жасады.
Алтыншы мәселе бойынша аудан әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы «Шиелі ауданының әкімшілік – аумақтық басқару схемасын бекіту туралы» №47 қаулысы қабылданды.
8 дербес бөлімнен 9 бөлім болып құралды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінен спорт бөлімі бөлек мекеме болып, Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі болып құрылып, ал қоғамдық даму бөлімінен ономастика және мемлекеттік тіл саясатын жүргізу функциясы аудандық мәдениет бөліміне беріліп, аталған бөлім «Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» болып құрылады. Ал, Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен туризмді дамыту функциясы спорт бөліміне берілген соң, аталған бөлім Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі болып қайта аталды.
Мәслихат депутаттары тарапынан сессияға ұсынылған мәселелер бірауыздан қолдау тауып, шешім жобалары мақұлданды.
Күн тәртібіне шығарылған 6 мәселенің барлығы жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан басшысы Н.Ахатов ауданымызда алдағы уақытта жаңа және ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолында бірлесе отырып жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Сессия соңында мәслихат төрағасы А.Жандарбеков Республикалық «Біздің депутат» газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» номинациялары бойынша жеңімпаз атанған аудандық мәслихат депутаттары Д.Әубәкіров және М.Салқынбаевты құттықтап, арнайы төс белгіні табыс етті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<