Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңында «Отан қорғау – азаматтық борышымыз» тақырыбымен сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Оны аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ашып, сөз сөйледі. Биыл көктемде 92 шиелілік әскерге шақырылса, күзде 96 азаматты жөнелту жоспарланып отыр.
Салтанатты шара барысында 10 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Онда сөз сөйлегендер жас сарбаздарды әскери қызметтік міндетті адал орындап, қиындыққа төзе білуге, батыл да қайсар, әскери антқа адал болуға шақырып, бата берді.
Алмас САРМАНТАЕВ,
ГРЭ-23 аумағы ардагерлер ұйымының төрағасы





