Шілде шыжып тұр

532

0

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде де ыстықтың беті қайтар түрі жоқ. Кей жерлерде жауын-шашын да бар. Есесіне, бірқатар өңірлерде жел күшейетін көрінеді.

«Қазгидромет» РМК дерегінше, аптаның басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. «Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Елдің батыс және оңтүстік-батысында, ал 20 шілдеден бастап орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығысында ауаның температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі» дейді синоптиктер.

Аймақтағы аптап ыстықтың жағдайы мәлім. Осы апта күн райы 40-45 градусқа дейін көтеріліп, апта соңы біршама бәсеңдейтін түрі бар. Ал, көршілес Түркістан облысында 20-22 шілде аралығында 47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. «Бұл ыстық жұма күні кешке дейін сақталады. Әзірге жауын-шашын жоқ» дейді ауа райын болжаушылар.

Қалай дегенде де, шілде шыжып тұр. Сақтықты қаперден шығармаған жөн.