Шілдеде Қазақстан мен Пәкістан арасында тікелей әуе рейсі ашылады

386

0

Шілде айынан бастап Қазақстаннан Пәкістанға тікелей әуе рейсі ашылады деп хабарлады turkystan.kz.

Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіпд 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда – экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<