Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында аспан астындағы мұражай салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазір Шілікті ауылына алып баратын жол салынуда. Тасбастау ауылынан бастап Зайсанға қарай салынып жатқан тау ішіндегі жолдың ұзындығы 60 шақырымды құрайды.
Аудан әкімі Серік Зинабекұлының айтуынша, жол құрылысына облыс қазынасынан 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Жолдың 20 шақырымы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталса, 40 шақырым жол келесі жылы тапсырылады.
Сонымен қатар биыл Шілікті ауылына газ тарту жұмыстары басталады. Ал ең басты жаңалық – археологтар мен ауыл үлкендері талай жылдан бері күткен Шілікті қорымдарының ашық аспан астындағы мұражайы ақыры салынатын болды. Аудан басшылығының мәліметінше, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен алдағы уақытта болатын баспасөз кездесуінде бұл туралы кеңінен талқыланып, тапсырмалар берілетін болады.
Шілікті мен Жалши ауылдарының арасына салынатын мұражай-қорықтың құрылысына облыс қазынасынан 400-450 миллион теңге жұмсалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<