Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі ауылындағы өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты.
Өрт сөндіру бекеті жұмысымен танысу барысында аудан басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Биыл Ақжарма ауылында өрт сөндіру бекеті жұмысын бастаса, бүгін Шіркейлі елді мекенінде өрт сөндіру бекеті құрылды. Аталған өрт сөндіру бекеті Қоғалыкөл, Шіркейлі және Н.Ілиясов елді мекеніндегі өрт оқиғаларынының алдын алуға қатысады.
Айта кетейік, өрт сөндіру бекеті арнайы техникамен қамтылған. Аудан әкімі елді мекендерде төтенше жағдайларды болдырмау бағытында нақты шараларды жүзеге асыру керектігін атап, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары елді мекенде төтенше жағдайлардың болмауына тілек білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<