Зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері Жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына төлем аударудан жылдың соңына дейін босатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында экономиканы тұрақтандыруға және жаңа жағдайда елдің орнықты дамуына бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын белгілеп берді. Президент айтқандай, бүгінгі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Осы міндетті сапалы орындау үшін Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында соңғы заемші үшін жылдық 6 пайызға жеткізе отырып, ШОБ-тың қолданыстағы кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау жүргізіледі. Судсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланан сәттен бастап 12 айлық кезеңді жабады», – деді бірінші вице-премьер Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, бизнес ахуалды одан ары жақсарту үшін кешенді шаралар қабылданады. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, барлық реттеушілік талаптарды тексеруді және оларды қысқартуды қамтиды. «Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексіне бекіте отырып, реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар дайындалып жатыр. ШОБ субъектілері осы жылдың соңына дейін республикалық және коммуналдық меншік нысандары бойынша жалға алу төлемін төлеуден босатылады. Мұндай шара квазимемлекеттік нысандарға да қолданылады. Зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері Жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына төлем аударудан жылдың соңына дейін босатылады. Орта шикізаттық емес кәсіпорындарға бағдарланған экспорттық акселлерация бағдарламасы іске қосылады. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлініп, жеңілдік ставкамен айналым капиталын кредиттеу көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі және бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға дейін арттыру және бұл салада жұмыспен қамтылғандар санының 4 млн адамға дейін жеткізу тапсырмасын орындауға септігін тигізеді», – деді Әлихан Смайылов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<