Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті
ЕСКЕРТЕДІ
Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, суда
өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережесін сақтау керек:
– тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайды;
– танымайтын жерде шомылуға болмайды;
– шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға көпірлерден, жағалаудағы
бөгетшелерден секіруге болмайды;
– шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
– өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп баруға болмайды;
– мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер Сіз қайықта болсаңыз:
– құтқару құралдарысыз қайықты пайдаланбаңыз;
– 14 жасқа дейінгі балаларға жүзу құралдарын (қайық, катер) қолдануға рұқсат етпеңіз;
– қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;
– қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
– кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;
– қайықтың ернеуіне және басқы бөлігіне отырмаңыз;
– техникалық паспортта көрсетілген мөлшерден тыс жолаушылар
мен жүкті алмаңыз;
– мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;
– қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаңыз.
Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соқтырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от, дауылды жел – тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар!!!
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<