Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды

605

0

Шри-Ланканың төрт азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу дерегін тіркеген.

Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған.

– Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – деді Мадияр Айтуғанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<