Шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы – 2024» қорытындыланды

189

0

Фото: автордан

Облыстағы шығармашыл мұғалімдер бас қосқан Тәжірибе алаңының жұмысын қорытындылау мақсатында «Облыстық тәжірибе алаңы: проблемалар, перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында қала мен әр ауданнан келген командалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кері байланыс берілді.

Тәжірибе алаңын қорытындылауға арналған мерекелік жиынға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусінов, Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысының м.а. Бекжан Есенбаев қатысты.

Жиын барысында сөз алған филиал директоры Бауыржан Елеусінов Тәжірибе алаңының облыстағы білім сапасының артуына тікелей ықпал ететінін атап, еліміздің білім беру саласында және облыста жасалып жатқан жұмыстарға, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерге тоқталды.

Өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, үздік жұмыстары мен кәсіби шығармашылық шеберлігін көрсеткен ұстаздарға, командаларға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Тәжірибе алаңының өткізілуіне демеушілік жасаған Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне, алаң жұмысына қатысқан барша ұстаздарға және ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<