Шығармашылық ұжыммен жүздесті

8

0

Бейсенбіде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов «Сыр медиа» ЖШС ұжымымен кездесті.

Он бес жылға жуық тарихы бар медиабірлестік құрамында әуелгі жылдары облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері ғана болды. 2013 жылы оған қалалық, аудандық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өз өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды. Бүгінде серіктестікке қарасты басылымдардың сайттары жеке ақпараттық агенттік болып қайта құрылды.

Серіктестік жанындағы баспаханадан Жезқазған, Атырау, Сәтбаев, Шымкент қалаларының газеттері және республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысқа тарайтын бөлігі де басылып шығып жатыр. «Сыр бойы» газеті өткен жылы «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясы бойынша «Urker» сыйлығының иегері атанды.

Шығармашылық ұжыммен кездесу барысында жетістіктерден бөлек, жоспарлар мен жобалар талқыланды. Басқарма басшысы ардагер журналист, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы болған Қасым Иманбердиевті 75 жас мерейтойымен құттықтап, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, облыстың  Құрмет грамотасын табыстады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<