Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеді

711

0

Көктем келіп, күннің жылынуынан өріктер гүл ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктер Шымкентте наурыз айында күн жылы болатынын, тек аздап жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын. Қазір мегаполисте ауа температурасы күндіз +20 +23 градусқа дейін көтерілген. Соның әсерінен жеміс ағаштары бүр жара бастады.

Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеді

Бүгінде жеміс ағаштары жайқалып, айналаға ерекше әсер беріп тұр. Гүлденген әрі жұпар аңқыған ағаштардың маңынан араларды да көруге болады.Бағбандар болса ендігі кезекте алма, шие ағаштары гүлдейтінін айтады. Ал, базбір тұрғындар ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін алаңдаулы. Әдетте наурыздың жиырмасына дейін бір суық болатынын айтып, «жеміс ағаштарын үсік ұрып кете ме» деп уайымдайды.

Десе де ауа райын болжаушылар алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Себебі, наурыз айының соңына дейін шым шаһарда қатты суық болмайтынын, тек аздап жаңбыр жауатынын айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<