Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін

608

0

Фото: ашық дереккөз

Қалың жауған қардан кейін Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су басу қаупі бар аумақтарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бадам» су қоймасында қазір тасқынның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты қойма толып, тасқын қаупі туындаған жағдайда, шлюздерді реттеу арқылы суды Бадам өзеніне жіберу жоспарланып отыр.

«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырым каналды қардан, мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады.

Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтаған қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.

Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін

«Су тасқынының алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру – басты назарда болуы керек», – деді қала әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<