Шымкенттік шабандоз құнан бәйге жеңімпазы атанды

662

0

Шымкент қаласынан келген шабандоз Өмірбек Құрманғалиев ауданның мерейлі мерейтойына орай өткен ат жарысының жеңімпазы атанды.
Ол құнан бәйгеде өзге шабандоздардан қара үзіп, жүйріктігін көрсетті. 15 шақырымдық жарыста мәре сызығына екінші болып Қызылорда қаласының атынан сынға түскен Бақдәулет Бақбергенұлы келді. Ал, ІІІ-орынды шымкенттік Орал Тоқтарбек иеленді. Құнан бәйге жеңімпаздарына қаржылай қомақты сыйлықтар берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<