Бұл тарихи шешім Астанада қабылданады
Биыл елімізде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 24-саммиті өтеді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық іс-шара шілде айына жоспарланған. Қазір оған дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ұйым хатшылығының 20 жылдығы барысында айтылды. Салтанатты қабылдауға ұйымға мүше 9 мемлекет пен бақылаушы елдер қатысты. Хатшылық 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бейжіңдегі тұрақты орган үйлестіру, ақпараттық-сараптамалық, заңды және техникалық жұмысын қамтамасыз етумен айналысады. Ортақ күш салудың арқасында өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдегі ең беделді ұйымға айналды.
Айта кету керек, 2023-2024 жылдары ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға берілген. Биыл ұйымға мүшелікке 10-елді қабылдау жоспарда. Бұл тарихи шешім Астанада қабылданады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<