Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

535

0

Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 7 қараша мен 9 қараша аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, барикалық түзілімдердің өзгеруінен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, қар аралас жаңбыр жауады.

«8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды», – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республика бойынша ауа температурасы сәл көтеріледі:

солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін;

шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін;

оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<