Синтетикалық есірткіден аулақ бол

521

0

Өткен жылы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткіні Қызылорда қаласында тарату деректерін анықтау мақсатында полиция департаменттің әртүрлі қызмет салаларынан жедел тергеу топтары құрылып, қала көлемінде рейдтік іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде, облыс орталығында синтетикалық есірткі жасырылған 75 нүкте, олар бойынша 1 қылмыс пен 3 қылмыстық теріс қылық анықталып, 72 дерек бойынша сараптама тағайындалды деп хвбарлайды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы.

— Ауқымды іс-шараның арқасында аталған қылмысты жасаған қала тұрғыны құрықталды. Одан бөлек, тамыз айында Атырау және Семей қалаларының тұрғындары ұсталды. Тінту кезінде олардың қала орталығынан жалдаған пәтерлерінен, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы тапсырыс қабылдап, жасырып қойған нүктелерінен жастар арасында «Мефедрон», «Эфедрон», «PVP» атауымен танымал синтетикалық есірткі заттай дәлелдеме ретінде алынды, − дейді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы Ардақ Дөненов.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<